roTEAMnet

Студенттермен жұмыс жүргізу департаментінің менеджері (SENU кураторларын оқыту және әдістемелік дамыту бойын

Nazarbayev University · Astana, Kazakhstan

Temps plein

Mentions de la source, distinctes de l’adéquation professionnelle. Remote ne signifie pas automatiquement accès mondial ou horaires flexibles.

Source originale: SmartRecruiters · Publiée le 2026-10-05 · Dernière vérification 2026-11-22 15:53 UTC

Mode de travail non préciséNiveau non préciséTemps pleinNazarbayev University Kazakhstan

Comparez les exigences à votre expérience, préparez votre document et suivez l’offre. Vous envoyez vous-même la candidature.

Описание компании

Назарбаев Университеті Студенттермен жұмыс жүргізу департаменті

Описание вакансии

1. Оқу қажеттіліктері және оқыту архитектурасы:

Жүйе басшылығымен бірлесіп кураторлардың құзыреттер моделін және даярлық деңгейлеріне қойылатын талаптарды қалыптастырады және өзектендіреді.

Кері байланыс, Case Log жиынтықтары, сапа мониторингі және жүйедегі өзгерістер негізінде оқу қажеттіліктерін бағалайды.

Кіріспе даярлықты, міндетті модульдерді, білімді мерзімді жаңартуды және тереңдетілген тақырыптарды қамтитын кураторларды оқытудың жылдық жоспарын әзірлейді..

Кураторларды оқытудың нәтижелерін, бағалау өлшемшарттарын және бағдарламаларды аяқтау талаптарын айқындайды..

2. Оқу-әдістемелік материалдар мен бағдарламаларды әзірлеу:

Кураторларды оқыту бағдарламаларын, модульдерді, сценарийлерді, кейстерді, нұсқаулықтарды, чек-парақтарды, таныстырылымдарды және цифрлық оқу материалдарын әзірлейді.

Басшылықпен және бейінді сарапшылармен бірлесіп мазмұнның дәлдігін, өзектілігін және ішкі құжаттарға сәйкестігін қамтамасыз етеді.

Материалдарды кураторлардың санаттарына, даярлық деңгейіне және оқыту форматтарына бейімдейді.

Материалдардың нұсқаларын басқаруды, бірыңғай репозиторийін, өзектілігін және қажет болған жағдайда тілдік қолжетімділігін қамтамасыз етеді.

3. Кураторлардың оқытуды ұйымдастыру және кәсіби дамыту:

SENU кураторлық жүйесі шеңберіндегі қатысушылар үшін тренингтерді, воркшоптарды, симуляцияларды және дербес деректерді ашпай практикалық жағдайларды талқылауды ұйымдастырады және өткізеді.

SENU кураторлық жүйесі шеңберіндегі қатысушылардың оқу процесін ұйымдастыруға байланысты ішкі және сыртқы тренерлердің, сарапшылардың қатысуын, оқу кестесін, логистиканы және қатысушыларға ақпарат беруді үйлестіреді.

Қатысуды, оқу бағдарламаларын аяқтауды және білім мен дағдыларды бағалау нәтижелерін есепке алады.

Жаңадан қосылған кураторлардың бейімделуін, тәжірибе алмасу алаңдарын және кәсіби қауымдастықтарды дамытуды сүйемелдейді.

4. SENU кураторлық жүйесі тәжірибесін институционалдандыру және процестерді стандарттау:

Жинақталған тәжірибені, табысты шешімдерді және алынған сабақтарды құжаттайды және әдістемелік білім базасына енгізеді.

Басшылықпен бірлесіп процестерді, операциялық рәсімдерді, алгоритмдер мен үлгілерді стандарттауға қатысады және оларды енгізуді сүйемелдейді.

Қазақстандық және халықаралық жоғары оқу орындарының үздік практикаларын зерделейді, пилоттық енгізу, бағалау және ауқымдау бойынша ұсыныстар дайындайды.

5. Кураторларды оқыту тиімділігін бағалау және есептілік:

Кері байланыс, білімді бағалау және кураторлардың жұмыс практикасындағы өзгерістер көрсеткіштері арқылы оқытудың тиімділігін бағалайды.

Оқыту нәтижелері бойынша талдамалық және қорытынды есептер, бағдарламалар мен материалдарды жетілдіру жөніндегі ұсынымдар дайындайды.

Требования к квалификации

Білімге қойылатын талаптар (деңгей, профиль, лицензиялар, кәсіби сертификаттар және т.б.):

1) Педагогика, психология, білім беруді басқару, ересектерді оқыту, персоналды оқыту және дамыту, әдістемелік жұмыс немесе оқу дизайны немесе сабақтас сала бойынша жоғары білім;

2) тренер, фасилитатор, instructional designer немесе оқу бағдарламаларын әзірлеуші сертификатының болуы артықшылық болып табылады.

Жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар:

1) білім беру бағдарламаларын, корпоративтік оқытуды, студенттерді қолдауды, әдістемелік жұмысты немесе кәсіби дамуды ұйымдастыру саласында кемінде 3 жыл жұмыс тәжірибесі; немесе

2) тиісті салада магистр дәрежесі болған жағдайда кемінде 1 жыл жұмыс тәжірибесі.

Дополнительная информация

Білімге, дағдыларға, құзыреттерге қойылатын талаптар:

Білімі:

1) ересектерді оқыту қағидаттары, instructional design және аралас оқыту модельдері;

2) кураторлық, тәлімгерлік, студенттерді қолдау, бағыттау және дағдарыстық әрекет ету негіздері;

3) оқу қажеттіліктерін бағалау, оқу нәтижелерін қалыптастыру және оқыту тиімділігін бағалау әдістері;

4) процестерді стандарттау, білімді басқару, үздік практикаларды анықтау және тарату тәсілдері;

5) дербес деректерді және оқу кейстеріндегі құпия ақпаратты қорғау талаптары;

6) Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңнамасы және Университеттің ішкі құжаттары.

7) Қазақстан Республикасының Конституциясы, «Назарбаев Университеті», «Назарбаев Зияткерлік мектептері» және «Назарбаев Қоры» мәртебесі туралы Қазақстан Республикасының Заңы, жоғары білім беру саласындағы өзге де нормативтік құқықтық актілер және Университеттің ішкі құжаттары.

Дағдылары:

1) оқыту бағдарламаларын, модульдерді, кейстерді, нұсқаулықтарды және цифрлық оқу материалдарын әзірлеу;

2) тренингтерді, воркшоптарды, фасилитациялық сессиялар мен практикалық симуляцияларды өткізу;

3) құзыреттерді бағалау құралдарын, тесттерді, кері байланыс нысандарын және тиімділік көрсеткіштерін әзірлеу;

4) процестерді сипаттау, стандарттау және әдістемелік білім базасын жүргізу;

5) сарапшылармен және құрылымдық бөлімшелермен жобалық өзара іс-қимыл.

Құзыреттері:

1) әдістемелік дәлдік және мазмұн сапасына бағдарлану;

2) аудиторияның қажеттіліктерін түсіну және күрделі материалды түсінікті жеткізу;

3) шығармашылық, жүйелік ойлау және үздіксіз жетілдіру;

4) коммуникация, фасилитация және серіктестік;

5) әдептілік, құпиялылық және жауапкершілік.

Тілдерді білуге қойылатын талаптар

Оқыту өткізу, оқу-әдістемелік материалдарды әзірлеу және іскерлік коммуникация үшін қазақ, орыс және ағылшын тілдерін еркін меңгеру.

Recruitment and selection process
Recruitment and selection at Nazarbayev University include the following process: preliminary selection based on experience and qualifications, assessments (e.g. technical skills/capabilities, aptitude, personality, work samples, in-basket exercises, and informal interviews), and motivation.

Formal interviews form the final stage of the selection process.
They are typically based on organizational values and behaviors and conducted in English.
You are encouraged to share your views and values to identify how they fit into Nazarbayev University core values
Postuler sur le site d’origine

SmartRecruiters

Postulez avec un compte gratuit

Un compte gratuit vérifie votre adéquation, enregistre l’offre dans votre suivi et laisse le pilote trouver des offres similaires. Les membres éligibles voient le lien de candidature d’origine.

Créer un compte Se connecter

Les cookies essentiels assurent la session et la sécurité. Google Analytics et la mesure publicitaire Meta se chargent selon vos choix séparés. Aucun CV ni coordonnées ne sont transmis.

Cookies essentiels · toujours actifs

Session, protection CSRF et choix des cookies permettent l’accès au compte et mémorisent votre décision.

Google Analytics mesure les pages publiques et des actions prédéfinies après accord. Recherches, CV, identifiants de compte et jetons de paiement sont exclus. Stockage publicitaire et personnalisation restent désactivés.

Avec votre accord marketing, Meta reçoit PageView sur certaines pages publiques de présentation, l’URL et des informations réseau/navigateur pour mesurer les publicités. PageView exclut les pages CV, recherche d’emploi, compte et paiements. Rapprochement et événements automatiques sont désactivés. Un traitement hors de votre pays est possible. Refuser ne limite pas les outils.

Avec votre consentement marketing, Google Ads mesure les comptes vérifiés et achats confirmés avec un identifiant anonyme et le montant/la devise. Aucun CV ni coordonnées.

Avec votre consentement marketing, Meta peut conserver les identifiants de clic publicitaire sur la page d’inscription pour attribuer un compte vérifié ultérieur. Ouvrir le formulaire ne compte pas comme une inscription.

Avec votre consentement marketing, Meta mesure aussi la création de compte vérifié sur l’accueil de votre espace avec un identifiant anonyme. Aucun CV ni coordonnées.

Votre choix est conservé 180 jours. Modifiez-le ou retirez-le à tout moment dans les réglages. Refuser la mesure ne limite pas les outils.

Politique de cookies