roTEAMnet

Студенттермен жұмыс жүргізу департаментінің менеджері (байланыс жөніндегі)

Nazarbayev UniversityAstana, Kazakhstan2026-11-12
Full-time

Source wording only; this is separate from professional fit. Remote does not automatically mean worldwide eligibility or flexible hours.

Original source: SmartRecruiters · Published 2026-11-12 · Last checked 2026-11-25 04:16 UTC

About this job

Описание компании

  • Описание вакансии
  • Бөлімшенің қызмет бағыттарын коммуникациялық сүйемелдеу:
  • Студенттер мен басқа да мүдделі тараптардың танымалдылығын, тартылуын және сенімін арттыруға бағытталған Бөлімшенің коммуникациялық стратегиясын әзірлеу және іске асыруға қатысады.
  • Бөлімшенің миссиясын, құндылықтарын және қызметтерін цифрлық, баспа және іс-шара форматтары сияқты әртүрлі өзара әрекеттесу арналары арқылы ілгерілетуді қамтамасыз етеді.
  • Бөлімшенің бастамаларын қолдау үшін біріктірілген маркетингтік науқандарды жоспарлайды және жүзеге асырады.
  • Университеттің бренд стандарттары шеңберінде Бөлімшенің негізгі хабарламаларын, ұстанымы мен визуалды стилін әзірлейді және жаңартады.
  • Бөлімшенің басшылығына және жұмыскерлеріне коммуникациялық қамтамасыз ету мәселелері бойынша кеңес береді.

Коммуникациялық арналарды операциялық басқару

  • Бөлімшенің электрондық платформаларын басқарады: Университеттің корпоративтік веб-сайтындағы ресми парақша, студенттік портал, ішкі ақпараттық ресурстар.
  • Ресми әлеуметтік желі аккаунттарын (Instagram, Telegram және т.б.) қолдайды және модерациялайды, оның ішінде контент орналастыру, жарнаманы іске қосу, аудиториямен өзара әрекеттесу.
  • Материалдардың қазақ, орыс және ағылшын тілдеріне аударылуын және мазмұнның бейімделуін қамтамасыз етеді.
  • Бөлімшенің қызметі туралы ақпараттық және промоматериалдарды ішкі және сыртқы арналар арқылы таратуын ұйымдастырады.

Контент және визуалды коммуникациялар

  • Баспаға арналған мәтіндік және визуалды контентті әзірлейді: баспасөз релиздері, мақалалар, посттар, инфографика, бейнероликтер.
  • Бөлімшенің іс-шараларын фотоға және видеоға түсіреді, материалдарды монтаждап, өңдейді.
  • Презентациялар, ақпараттық бюллетеньдер және баспа өнімдерін дайындайды, оның ішінде верстка мен баспа сапасын бақылайды.
  • Бөлімшенің жылдық есептер мен корпоративтік презентацияларға қатысуын қолдайды.

Талдау және тиімділікті бағалау

  • Бөлімшенің коммуникациялық арналарының тиімділігін талдайды, оларды жақсарту бойынша ұсыныстар дайындайды.
  • Коммуникациялық және маркетингтік қызмет нәтижелері бойынша талдамалы есептер мен презентациялар дайындайды.
  • Студенттердің әлеуметтік желілердегі жарияланымдарын және жыл сайынғы студенттік сауалнамалардың нәтижелерін бақылап отырады, оның ішінде Бөлімше қызметінің қабылдануын бағалау тұрғысынан бақылайды.
  • Өз жауапкершілік аймағында өзінің жауапкершілік аймағындағы мақсатты науқандар, іс-шаралар және тапсырмалар бойынша есептерді дайындайды.

Өзара әрекеттесу және аудиторияны тарту

  • Университеттің құрылымдық бөлімшелерімен және сыртқы ұйымдармен жарияланымдар, контент, бірлескен жобалар мен іс-шаралар бойынша ынтымақтастық жасайды.
  • Студенттердің университет өміріне тартылуы мен Бөлімше мен Университеттің оң имиджін қалыптастыру іс-шараларына қатысады.
  • Мақсатты аудитория өкілдерімен сұхбаттар жүргізеді, жиналған материалдар негізінде тақырыптық жарияланымдар дайындайды.
  • Студенттік бастамаларға коммуникациялық қолдау көрсетеді, студенттерді Бөлімшенің мүмкіндіктері мен қызметтері туралы хабардар етеді.

Ішкі үдерістер мен іс-шараларды қолдау

  • Командалық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған Бөлімше іс-шараларын (тимбилдингтер, ішкі кездесулер) ұйымдастыруға қатысады;
  • Бөлімше қызметкерлеріне коммуникация, ілгерілету және корпоративтік стандарттар мәселелері бойынша әдістемелік және консультациялық қолдау көрсетеді;
  • Іс-шаралар бойынша келісімшарттар, актілер, шот-фактуралар және басқа да құжаттардың келісімшарттарды жасасу және олардың орындалуын бақылау үдерістерін сүйемелдеуді қамтамасыз етеді, сүйемелденуін және бақылауын қамтамасыз етеді;
  • Әкімшілік мәселелер және зерттеу қызметі бойынша тікелей басшыға қолдау көрсетеді;
  • Хаттамалық тапсырмалардың есебін жүргізеді, олардың орындалу барысын тіркейді және басшылыққа есеп дайындайды.

Требования к квалификации

Білімге қойылатын талаптар (деңгей, профиль, лицензиялар, кәсіби сертификаттар және т.б.):

Білім беру саласындағы басқару, менеджмент, лингвистика, маркетинг және/немесе қоғаммен байланыс салаларында жоғары кәсіби білімі болуы қажет. Аталған лауазымға сәйкес салалар бойынша кәсіби сертификаттардың болуы артықшылық болып табылады.

Жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар

  • тиісті салада кемінде 3 жыл жұмыс өтілі.
  • тиісті саладағы магистр дәрежесімен кемінде 1 жыл жұмыс тәжірибесі.

Дополнительная информация

  • Білімдерге, дағдыларға, құзыреттерге қойылатын талаптар:
  • Білімі:
  • Қазақстан Республикасының білім беру, мәдениет, жастар саясаты және қоғамдық коммуникациялар салаларындағы заңнамасын білуі;
  • Солтүстік Америка мен Ұлыбритания университеттеріндегі білім беру жүйесі мен студенттік өмірді білуі (оның ішінде студенттердің белсенділігін арттыру, клуб жұмысы және оқиғалар негізінде оқыту тәжірибесі);
  • Академиялық ортада студенттердің оқу үдерісінен тыс және мәдени-ағартушылық өмірін ұйымдастырудың заманауи тәсілдерін білуі;
  • MS Office (Word, Excel, PowerPoint) бағдарламаларының базалық және кеңейтілген функцияларын, сондай-ақ визуалды контент пен коммуникацияға арналған цифрлық платформаларды меңгеруі;
  • Маркетингтік стратегияларды, digital-коммуникацияларды, контент-маркетингті, SMM, storytelling және университеттік ортада брендинг жүргізуді білуі;
  • Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Назарбаев Университеті», «Назарбаев Зияткерлік мектептері» және «Назарбаев Қоры» туралы Заңын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының жоғары білім беру саласындағы заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілерін білуі.

Дағдылары

  • Оқу үдерісінен тыс бастамалар, науқандар мен іс-шараларды жоспарлау, іске қосу және жүзеге асыруды қоса алғанда, жобалық менеджмент және өзгерістерді басқару дағдылары;
  • Түрлі аудиториялар (студенттер, әкімшілік, сыртқы серіктестер) алдында презентациялар, визуализациялар дайындау және көпшілік алдында сөйлеу дағдылары;
  • Визуалды және мультимедиалық материалдарды әзірлеу үшін графикалық редакторлармен жұмыс істеу дағдылары;
  • Әртүрлі күрделілік деңгейіндегі мәтіндерді жазу дағдылары: SMM-посттар мен хаттардан бастап концептуалды құжаттар мен PR-стратегияларға дейін;
  • Контентті басқару, жарияланымдардың күнтізбелік жоспарын жасау, модерация және әртүрлі цифрлық платформаларда коммуникация жүргізу дағдылары.

Құзыреттері

  • Университет бастамаларын ілгерілету мақсатында ұзақ мерзімді коммуникациялық стратегиялар мен медиажоспарларды әзірлеу және іске асыру қабілеті;
  • Әртүрлі аудиториялармен – студенттермен, оқытушылармен, ата-аналармен, сыртқы ұйымдармен және БАҚ-пен тиімді жұмыс істеу қабілеті;
  • Контент жоспарлау, әлеуметтік желілерді (SMM) жүргізу, аудиторияның тартылуын талдау және мазмұнды мақсатты топтарға бейімдеу саласындағы құзыреттілік;
  • Департаменттің операциялық және стратегиялық мақсаттарына сәйкес келетін коммуникацияны, соның ішінде жаңа форматтар мен тәсілдер арқылы құру қабілеті;
  • Бастамашылық ету және идеялар ойлап табу, стандарттан тыс ілгерілету және тарту форматтарын іске қосу қабілеті;
  • Фасилитация және модерация дағдылары;
  • Коммуникациялық саясаттар немесе ішкі стандарттарды әзірлеу дағдылары.

Тілдерді білуге қойылатын талаптар

Іскерлік хат алмасуды, құжаттаманы, талдамалық материалдарды тиімді жүргізу, студенттермен және басқа құрылымдық бөлімшелермен, консультанттармен және серіктестермен өзара іс-қимыл жасау үшін қазақ, орыс және ағылшын тілдерін еркін меңгеру

Recruitment and selection process

Recruitment and selection at Nazarbayev University include preliminary selection based on experience and qualifications, followed by assessments and formal interviews. Formal interviews are typically based on organizational values and behaviors and conducted in English.

Apply on the original website

SmartRecruiters

Apply with a free account

A free account shows the original application link to eligible members, checks your fit with this job, saves it to your tracker and lets Autopilot find more jobs like it.

Create account Log in

Essential cookies support your session and security. Google Analytics and Meta advertising measurement load only with your separate choices. CV text and contact details are not sent.

Essential cookies · always active

Session, CSRF protection and your cookie preference. These support account access and the choice you make here.

Google Analytics measures public pages and predefined actions after consent. Search text, CV content, account IDs and payment tokens are excluded. Advertising storage and personalization remain disabled.

With marketing consent, Meta receives PageView events on selected public presentation pages, the page URL and network/browser information, to measure advertising. PageView collection excludes CV, job search, account and payment pages. Automatic matching and automatic event collection are disabled. Meta may process this information outside your country. Declining does not restrict tools.

With marketing consent, Google Ads measures verified account creation and confirmed purchases using an anonymous event ID and purchase amount/currency. No CV or contact details are sent.

With marketing consent, Meta may store advertising click identifiers on the registration page to attribute a later verified signup. Opening the form is not counted as a registration.

With marketing consent, Meta also records verified account creation on the workspace home page using an anonymous event ID. It receives no CV or contact details.

Your choice is stored for 180 days. Change or withdraw it at any time using Cookie settings. Declining analytics does not restrict career tools.

Cookie Policy