roTEAMnet

Студенттермен жұмыс жүргізу департаментінің менеджері (байланыс жөніндегі)

Nazarbayev University · Astana, Kazakhstan

Vollzeit

Nur Quellenangaben; getrennt von fachlicher Passung. Remote bedeutet nicht automatisch weltweite Zulassung oder flexible Stunden.

Originalquelle: SmartRecruiters · Veröffentlicht 2026-11-12 · Zuletzt geprüft 2026-11-22 15:53 UTC

Arbeitsmodell nicht angegebenNiveau nicht angegebenVollzeitNazarbayev University Kasachstan

Prüfe die Anforderungen anhand deiner Erfahrung, erstelle dein Dokument und speichere die Stelle. Du sendest die Bewerbung selbst.

Описание компании

Описание вакансии

Бөлімшенің қызмет бағыттарын коммуникациялық сүйемелдеу:

1) Студенттер мен басқа да мүдделі тараптардың танымалдылығын, тартылуын және сенімін арттыруға бағытталған Бөлімшенің коммуникациялық стратегиясын әзірлеу және іске асыруға қатысады.

2) Бөлімшенің миссиясын, құндылықтарын және қызметтерін цифрлық, баспа және іс-шара форматтары сияқты әртүрлі өзара әрекеттесу арналары арқылы ілгерілетуді қамтамасыз етеді.

3) Бөлімшенің бастамаларын қолдау үшін біріктірілген маркетингтік науқандарды жоспарлайды және жүзеге асырады.

4) Университеттің бренд стандарттары шеңберінде Бөлімшенің негізгі хабарламаларын, ұстанымы мен визуалды стилін әзірлейді және жаңартады.

5) Бөлімшенің басшылығына және жұмыскерлеріне коммуникациялық қамтамасыз ету мәселелері бойынша кеңес береді.

Коммуникациялық арналарды операциялық басқару:

1) Бөлімшенің электрондық платформаларын басқарады: Университеттің корпоративтік веб-сайтындағы ресми парақша, студенттік портал, ішкі ақпараттық ресурстар.

2) Ресми әлеуметтік желі аккаунттарын (Instagram, Telegram және т.б.) қолдайды және модерациялайды, оның ішінде контент орналастыру, жарнаманы іске қосу, аудиториямен өзара әрекеттесу.

3) Материалдардың қазақ, орыс және ағылшын тілдеріне аударылуын және мазмұнның бейімделуін қамтамасыз етеді.

4) Бөлімшенің қызметі туралы ақпараттық және промоматериалдарды ішкі және сыртқы арналар арқылы таратуын ұйымдастырады.

Контент және визуалды коммуникациялар:

1) Баспаға арналған мәтіндік және визуалды контентті әзірлейді: баспасөз релиздері, мақалалар, посттар, инфографика, бейнероликтер.

2) Бөлімшенің іс-шараларын фотоға және видеоға түсіреді, материалдарды монтаждап, өңдейді.

3) Презентациялар, ақпараттық бюллетеньдер және баспа өнімдерін дайындайды, оның ішінде верстка мен баспа сапасын бақылайды.

4) Бөлімшенің жылдық есептер мен корпоративтік презентацияларға қатысуын қолдайды.

Талдау және тиімділікті бағалау:

1) Бөлімшенің коммуникациялық арналарының тиімділігін талдайды, оларды жақсарту бойынша ұсыныстар дайындайды.

2) Коммуникациялық және маркетингтік қызмет нәтижелері бойынша талдамалы есептер мен презентациялар дайындайды.

3) Студенттердің әлеуметтік желілердегі жарияланымдарын және жыл сайынғы студенттік сауалнамалардың нәтижелерін бақылап отырады, оның ішінде Бөлімше қызметінің қабылдануын бағалау тұрғысынан бақылайды.

4) Өз жауапкершілік аймағында өзінің жауапкершілік аймағындағы мақсатты науқандар, іс-шаралар және тапсырмалар бойынша есептерді дайындайды.

Өзара әрекеттесу және аудиторияны тарту:

1) Университеттің құрылымдық бөлімшелерімен және сыртқы ұйымдармен жарияланымдар, контент, бірлескен жобалар мен іс-шаралар бойынша ынтымақтастық жасайды.

2) Студенттердің университет өміріне тартылуы мен Бөлімше мен Университеттің оң имиджін қалыптастыру іс-шараларына қатысады.

3) Мақсатты аудитория өкілдерімен сұхбаттар жүргізеді, жиналған материалдар негізінде тақырыптық жарияланымдар дайындайды.

4) Студенттік бастамаларға коммуникациялық қолдау көрсетеді, студенттерді Бөлімшенің мүмкіндіктері мен қызметтері туралы хабардар етеді.

Ішкі үдерістер мен іс-шараларды қолдау:

1) Командалық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған Бөлімше іс-шараларын (тимбилдингтер, ішкі кездесулер) ұйымдастыруға қатысады;

2) Бөлімше қызметкерлеріне коммуникация, ілгерілету және корпоративтік стандарттар мәселелері бойынша әдістемелік және консультациялық қолдау көрсетеді;

3) Іс-шаралар бойынша келісімшарттар, актілер, шот-фактуралар және басқа да құжаттардың келісімшарттарды жасасу және олардың орындалуын бақылау үдерістерін сүйемелдеуді қамтамасыз етеді, сүйемелденуін және бақылауын қамтамасыз етеді;

4) Әкімшілік мәселелер және зерттеу қызметі бойынша тікелей басшыға қолдау көрсетеді;

5) Хаттамалық тапсырмалардың есебін жүргізеді, олардың орындалу барысын тіркейді және басшылыққа есеп дайындайды.

Требования к квалификации

Білімге қойылатын талаптар (деңгей, профиль, лицензиялар, кәсіби сертификаттар және т.б.):

Білім беру саласындағы басқару, менеджмент, лингвистика, маркетинг және/немесе қоғаммен байланыс салаларында жоғары кәсіби білімі болуы қажет. Аталған лауазымға сәйкес салалар бойынша кәсіби сертификаттардың болуы артықшылық болып табылады.

Жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар:

1) тиісті салада кемінде 3 жыл жұмыс өтілі.

2) тиісті саладағы магистр дәрежесімен кемінде 1 жыл жұмыс тәжірибесі.

Дополнительная информация

Білімдерге, дағдыларға, құзыреттерге қойылатын талаптар:

Білімі:

1) Қазақстан Республикасының білім беру, мәдениет, жастар саясаты және қоғамдық коммуникациялар салаларындағы заңнамасын білуі;

2) Солтүстік Америка мен Ұлыбритания университеттеріндегі білім беру жүйесі мен студенттік өмірді білуі (оның ішінде студенттердің белсенділігін арттыру, клуб жұмысы және оқиғалар негізінде оқыту тәжірибесі);

3) Академиялық ортада студенттердің оқу үдерісінен тыс және мәдени-ағартушылық өмірін ұйымдастырудың заманауи тәсілдерін білуі;

4) MS Office (Word, Excel, PowerPoint) бағдарламаларының базалық және кеңейтілген функцияларын, сондай-ақ визуалды контент пен коммуникацияға арналған цифрлық платформаларды меңгеруі;

5) Маркетингтік стратегияларды, digital-коммуникацияларды, контент-маркетингті, SMM, storytelling және университеттік ортада брендинг жүргізуді білуі;

6) Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Назарбаев Университеті», «Назарбаев Зияткерлік мектептері» және «Назарбаев Қоры» туралы Заңын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының жоғары білім беру саласындағы заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілерін білуі.

Дағдылары:

1) Оқу үдерісінен тыс бастамалар, науқандар мен іс-шараларды жоспарлау, іске қосу және жүзеге асыруды қоса алғанда, жобалық менеджмент және өзгерістерді басқару дағдылары;

2) Түрлі аудиториялар (студенттер, әкімшілік, сыртқы серіктестер) алдында презентациялар, визуализациялар дайындау және көпшілік алдында сөйлеу дағдылары;

3) Визуалды және мультимедиалық материалдарды әзірлеу үшін графикалық редакторлармен жұмыс істеу дағдылары;

4) Әртүрлі күрделілік деңгейіндегі мәтіндерді жазу дағдылары: SMM-посттар мен хаттардан бастап концептуалды құжаттар мен PR-стратегияларға дейін;

5) Контентті басқару, жарияланымдардың күнтізбелік жоспарын жасау, модерация және әртүрлі цифрлық платформаларда коммуникация жүргізу дағдылары.

Құзыреттері:

1) Университет бастамаларын ілгерілету мақсатында ұзақ мерзімді коммуникациялық стратегиялар мен медиажоспарларды әзірлеу және іске асыру қабілеті;

2) Әртүрлі аудиториялармен – студенттермен, оқытушылармен, ата-аналармен, сыртқы ұйымдармен және БАҚ-пен тиімді жұмыс істеу қабілеті;

3) Контент жоспарлау, әлеуметтік желілерді (SMM) жүргізу, аудиторияның тартылуын талдау және мазмұнды мақсатты топтарға бейімдеу саласындағы құзыреттілік;

4) Департаменттің операциялық және стратегиялық мақсаттарына сәйкес келетін коммуникацияны, соның ішінде жаңа форматтар мен тәсілдер арқылы құру қабілеті;

5) Бастамашылық ету және идеялар ойлап табу, стандарттан тыс ілгерілету және тарту форматтарын іске қосу қабілеті;

6) Фасилитация және модерация дағдылары;

7) Коммуникациялық саясаттар немесе ішкі стандарттарды әзірлеу дағдылары.

Тілдерді білуге қойылатын талаптар

Іскерлік хат алмасуды, құжаттаманы, талдамалық материалдарды тиімді жүргізу, студенттермен және басқа құрылымдық бөлімшелермен, консультанттармен және серіктестермен өзара іс-қимыл жасау үшін қазақ, орыс және ағылшын тілдерін еркін меңгеру

Recruitment and selection process

Recruitment and selection at Nazarbayev University include preliminary selection based on experience and qualifications, followed by assessments and formal interviews. Formal interviews are typically based on organizational values and behaviors and conducted in English.
Auf der Originalseite bewerben

SmartRecruiters

Mit einem kostenlosen Konto bewerben

Ein kostenloses Konto prüft deine Passung, speichert die Stelle in deiner Übersicht und lässt Autopilot ähnliche Stellen finden. Berechtigte Mitglieder sehen den Original-Bewerbungslink.

Konto erstellen Anmelden

Notwendige Cookies sichern Sitzung und Schutz. Google Analytics und Meta-Werbemessung laden nur nach Ihrer jeweiligen Auswahl. Keine Lebenslauftexte oder Kontaktdaten.

Notwendige Cookies · immer aktiv

Sitzung, CSRF-Schutz und Cookie-Auswahl ermöglichen Kontozugriff und speichern Ihre Entscheidung.

Google Analytics misst nach Zustimmung öffentliche Seiten und festgelegte Aktionen. Suchtexte, Lebensläufe, Konto-IDs und Zahlungstoken sind ausgeschlossen. Werbespeicherung und Personalisierung bleiben deaktiviert.

Nach Marketing-Zustimmung erhält Meta PageView-Ereignisse auf ausgewählten öffentlichen Informationsseiten, Seiten-URL und Netzwerk-/Browserdaten zur Werbemessung. PageView erfasst keine Lebenslauf-, Jobsuche-, Konto- oder Zahlungsseiten. Automatischer Abgleich und automatische Ereignisse sind deaktiviert. Verarbeitung außerhalb Ihres Landes ist möglich. Ablehnen beschränkt keine Tools.

Mit Marketing-Einwilligung misst Google Ads bestätigte Konten und Käufe mit anonymer Ereignis-ID sowie Betrag/Währung. Keine Lebenslauf- oder Kontaktdaten.

Mit Marketing-Einwilligung kann Meta auf der Registrierungsseite Anzeigen-Klickkennungen speichern, um eine spätere bestätigte Anmeldung zuzuordnen. Das Öffnen des Formulars zählt nicht als Registrierung.

Mit Marketing-Einwilligung erfasst Meta auf der Workspace-Startseite auch die Konto-Bestätigung mit anonymer Ereignis-ID. Keine Lebenslauf- oder Kontaktdaten.

Ihre Auswahl wird 180 Tage gespeichert. In den Cookie-Einstellungen jederzeit ändern oder widerrufen. Ohne Analyse bleiben die Karrieretools verfügbar.

Cookie-Richtlinie